Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы » «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысs білім басқармасының
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы
24
февраль
2020

Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат 2019-2020 оқу жылы

Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған  отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат

2019-2020 оқу жылы

Бүгінгі таңда «Алтай ауданы әкімдігінің №1 Жаңа Бұқтырма  орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылы басында аз қамтылған отбасы балалар саны  33 оқушы болған. 

    Оқушылардың тізімі 2020 жылы қаңтар айында ІІ жарты жылдықта қайта қаралып, жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған  отбасы балаларынан 34  оқушы   тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Тегін ыстық тамақпен қамтылған балалардың құжаттары талапқа сай жинақталып, комиссия отырысында қаралып, тізімдері бекітілді.Аз қамтылған отбасы балаларын мектеп асханасының жеке кәсіпкер Смирнов Сергей Ильич   тегін  ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Асхана заманауи талапқа сай жабдықталған: асхана бұрышы және онда екі апталық ас мәзірі бекітіліп қойылған. Балаларға асханада бекітілген ас мәзірі бойынша тамақ беріледі.  

Оқушылар жасақталған кесте бойынша өз уақытында келіп тамақтанады.Мектебіміздің басқа да оқушылары  компот, шай,тәтті тоқаш салынған бәліш сатып алып тамақтанады.

        Мектептегі тегін ыстық тамақпен қамтылған жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының, тегін тамақпен қамтамасыз етілетін

Мектеп оқушыларының тамақтануын,асхананың талапқа сай  жұмыс жасауын  және балаларға берілетін  тамақтың сапасын мектеп медбикесімен бірге комиссия мүшелері күнделікті тексеріп отырады. Мектебіміздің  санитарлық -гигиеналық жағдайын мектеп медбикесі қадағалап қарап отырады. Дайын тамақтың сапасын бақылау қорытындысы (бракераж ) журналына толтырылады.Ата-аналар асхана жағдайымен,берілетін тамақ сапасымен және  компот, шай,тәтті тоқаш т.б. тағамдардың сапасымен танысып отырады. Кезекшілер асханадағы тәртіпті қадағалап отырады.

   Күнделікті тамақтар ас мәзірі бойынша беріліп отыр, дәмі мен сапасы жақсы.  Асхана тазалығын, тамақтың сапасын комиссия мүшелері және медбике ай сайын тексеріліп , акт жасалып тұрады.