"Кешкі рейд" » «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі»
Шығыс Қазақстан облысs білім басқармасының
Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
май
2022

"Кешкі рейд"

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың кешкі уақыттарда ата анасының қарауынсыз сыртқа шығу, бітіру кешін ұйымдастырудың алдын алу  мақсатында 25 мамыр күні кешкі уақытта мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілер рейдке шықты. Тексеру барысында кентімізде түнгі уақыттарда жұмыс істейтін кафелермен, тамақтану орындарына ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп учаскесіне тиісті емес мектеп ауласына жақын, адам көп шоғырланатын жерлер мен «Рынок» базарының маңы, парктер тексерілді. Рейд  кешкі сағат 21:00-ден түңгі  сағат 00:00-ге дейін жүргізілді. Рейд жүргізу барысында көшелер мен түңгі кафелерде ешқандай құқықбұзушылық оқиғалары анықталған жоқ.